Қазақстандық велошабандоздар Азия кубогында 11 медаль жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстандық велошабандоздар Таиландтың Бангкок қаласында өткен тректегі велоспорттан Азия кубогында 11 медаль жеңіп алды.
Жасөспірімдер арасындағы жарыста қазақстандық спортшылар 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медальға ие болды.
Аружан Қабдулова жеке із кесу және ұпайлар жарысында жеңіске жетіп, екі алтын медаль алды. Мансұр Бралин кейринде, ал Илья Куварин жеке спринтте үздік атанды.
Командалық спринтте Зейнолла Азаматұлы, Илья Куварин және Мансұр Бралин бірінші орынға ие болды.
Күміс жүлдегерлер қатарында скрэтчте өнер көрсеткен Аружан Қабдулова, ұпайлар жарысындағы Виталина Хоружая және жеке із кесуден Зейнолла Азаматұлы бар.
Ал қола медальдарды скрэтчте Виталина Хоружая мен Алихан Жүнісов, сондай-ақ жеке спринтте Мансұр Бралин жеңіп алды.
Айта кетейік, Азия кубогы 28–30 тамыз аралығында өтіп, оған 21 елдің спортшылары қатысты.