Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Қазақстандық жасөспірімдер паделден Азия кубогында қола медаль жеңіп алды

Дина Хамзина··
Қазақстандық жасөспірімдер паделден Азия кубогында қола медаль жеңіп алды

Қазақстанның паделден жасөспірімдер құрамасы Индонезия астанасы Джакартада өткен Азия кубогында қола жүлдегер атанды.

7–14 қараша аралығында өткен турнирге 17 команда қатысты. Қазақстандық спортшылар бұл жарысқа алғаш рет қатысып, бірден үздік үштікке енді.

Іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Катарды 2:1, Малайзияны 3:0 және Оманды 2:1 есебімен жеңіп, үздік сегіз команданың қатарына қосылды.

Келесі кезеңде отандастарымыз БАӘ мен Ливан құрамаларын ұтып, Ираннан жеңілді. Соған қарамастан жартылай финалға жолдама алды.

Финалға шығу үшін өткен кездесуде қазақстандықтар Кувейтке 1:2 есебімен есе жіберді. Ал үшінші орын үшін тартыста Сауд Арабиясын 2:1 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді.

Турнирдің чемпионы Иран құрамасы атанса, күміс жүлде Кувейтке бұйырды.

Тимур Хабибулин жетекшілік еткен Қазақстан құрамасында Әлібек Дүйсенғазин, Ибрагим Рахматуллин, Арнұр Тұрсынхан, Ислам Дүйсенғазин, Тайыр Қайретдинов және Дамир Дүйсенғазин өнер көрсетті.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы паделден Азия кубогы екінші рет ұйымдастырылды. Алғашқы турнир 2024 жылы Бахрейнде өткен.