Қазақстандықтар Сингапурдағы бадминтон турнирінде ел намысын қорғайды
Бөлісу

Фото: instagram_kazbadminton
Қазақстан құрамасының бадминтоннан үш өкілі Сингапурда 18-23 тамыз аралығында өтетін ANTICA Singapore International Challenge 2026 халықаралық турниріне қатысады.
Қазақстан құрамасына Хайтмурат Кульматов, Арнұр Тапишев және Махсұт Тәжібуллаев енді. Жарысқа 25 елден 246 спортшы қатысады. Айта кетейік, турнир International Challenge санатына жатады және Дүниежүзілік бадминтон федерациясы (BWF) мен Badminton Asia ұйымының эгидасымен өтеді.
Жарыс жеңімпаздары ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сында, ерлер және әйелдер арасындағы жұптық сында, сондай-ақ аралас жұптық сында анықталады.
Турнирдің жүлде қоры 33,8 мың долларды құрайды.