Қазақстандықтар Түркиядағы халықаралық бадминтон турниріне қатысады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: kazbadminton

Фото: kazbadminton

Түркияның Ыстанбұл қаласында жасөспірімдер арасында өтетін Navek Turkey International халықаралық бадминтон турнирі басталды. Бұл жарыста Қазақстан атынан төрт спортшы бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының сапына Арнұр Тәпішев, Тимур Бурханов, Диана Нәменова және Алиса Кулешова енді.

Жарысқа 13 елден келген 142 спортшы қатысып, бірнеше санат бойынша жүлделерді сарапқа салады. Турнир 25 шілдеде аяқталады.