Қазақстандықтар суға секіруден Азия ойындарының финалында өнер көрсетті

ҚР ҰОК
Назар Қожанов 2026 жылғы Азиадада 1 метрлік трамплиннен суға секіру жарысының финалында 10-орын алды.
Қазақстандық спортшы алты секірудің қорытындысы бойынша 249,20 ұпай жинады. Тағы бір отандасымыз Кирилл Новиков 224,55 ұпаймен 11-сатыға орналасты.
Қожанов пен Новиков үшін бұл қазіргі Азиададағы екінші финал. Бұған дейін олар 3 метрлік трамплиннен синхронды секіруде өнер көрсетіп, 7-орын алған.
Айта кетейік, Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтуде.