Қытай футбол қауымдастығы жемқорлық ісі бойынша өмір бойына жаза тағайындады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Википедия

Фото: Википедия

Қытай футбол қауымдастығы жемқорлық пен келісілген матчтар ісі бойынша жаза арқалаған тұлғалардың жаңа тізімін жариялады.

17 адам футбол айналасында қызмет етуге өмір бойына аластатылды. Тағы 48 тергеу қатысушысы бес жылға дейін дисквалификация алды. Санкцияға клуб басшылары, жаттықтырушылар, футболшылар мен төрешілер ілікті.

South China Morning Post мәліметінше, жазалардың басым бөлігі парақорлық пен матч нәтижелерін қолдан жасауға байланысты. Өмір бойына шеттетілгендер қатарында «Шэньчжэнь» клубының бұрынғы бас менеджері Дин Юн, «Нэй Мэнгу Чжунъюдің» экс-басшысы Ши Яоюн және «Мэйчжоу Хакка» клубының бұрынғы бас менеджері Цао Ян бар.