«Реал» Мастантуононы «Фиорентинаға» жіберуі мүмкін
Бөлісу

«Реал Мадрид» ФК
«Реалдың» жартылай қорғаушысы Франко Мастантуоно «Фиорентинаға» жалға ауысуға жақын. Италиялық клуб мадридтіктерге ресми ұсыныс жолдады.
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, «Фиорентина» 18 жастағы аргентиналық футболшыға басты үміткер саналады және оны жалға алу бойынша ресми ұсыныс жасап үлгерген.
Мастантуоно «Реалға» 2025 жылдың жазында «Ривер Плейттен» 45 миллион еуроға ауысқан еді. Алайда Жозе Моуринью жаттықтыратын командадағы жоғары бәсекеге байланысты аргентиналық ойыншы тұрақты ойын тәжірибесін алу үшін маусымды жалда өткізбек.
Еске салайық, дебюттік маусымында ол 35 матч өткізіп, үш гол соғып, үш нәтижелі пас берген.