Винисиус «Реалмен» келісімшартты жаңа шарттармен ұзартудан бас тартты

Бегасыл Амирбай ··
«Реал Мадрид» ФК

«Реал Мадрид» ФК

«Реал Мадрид» Винисиус Жуниормен келісімшартты ұзарту туралы келіссөздерді қайта бастап, жаңа келісім бойынша қаржылық шарттарды жақсартты. Алайда бразилиялық шабуылшы әзірге клуб ұсынысын қабылдауға дайын емес.

ESPN мәліметінше, испаниялық клуб футболшының жылдық жалақысын 22 миллион еуроға дейін көтерген. Бірақ Винисиус пен оның өкілдері жылына шамамен 30 миллион еуро көлеміндегі жалақыны талап етіп отыр.

26 жастағы шабуылшының қазіргі келісімшарты маусым соңында аяқталады. Егер тараптар ортақ келісімге келе алмаса, бразилиялық футболшы қаңтар айынан бастап басқа клубтармен келіссөз жүргізіп, алдын ала келісімшартқа қол қоя алады.

Айта кетейік, Винисиус 2018 жылдан бері «Реал» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирлерде 375 матч өткізіп, 128 гол соқты және 100 нәтижелі пас берді.

Винисиус «Реалмен» келісімшартты жаңа шарттармен ұзартудан бас тартты – sport-hub