«Реал» Олисені алу үшін Винисиусты сатуға дайын

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FFF

Фото: FFF

Мадридтік "Реал Мадрид" жазғы трансферлік кезеңде шабуылшы Винисиус Жуниорды сату мүмкіндігін қарастыруда.

L'Equipe мәліметінше, егер бразилиялық ойыншы жаңа келісімшарт шарттарымен келіспесе, клуб оны сатуға дайын. Винисиус командадан кеткен жағдайда, мадридтіктер түскен қаражатты Бавария вингері Майкл Олисені сатып алуға жұмсауы мүмкін. Ықтимал трансфер құны 200–250 миллион еуроға бағалануда.

Өткен маусымда Винисиус «Реал» сапында барлық турнирде 53 матч өткізіп, 22 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген. Ал 2026 жылғы әлем чемпионатында Бразилия құрамасы сапында бес ойында төрт гол және бір ассистпен көзге түсті.

Ал Олисе өткен маусымда 52 матч өткізіп, 22 гол соғып, 31 нәтижелі пас жасаған. Қазіргі уақытта ол Франция құрамасы қатарында әлем чемпионатында өнер көрсетуде, жеті ойында бес голдық пас берді. Француздар Англия құрамасымен бірге турнирдің қола жүлдесін сарапқа салады. Матч 19 шілде күні Қазақстан уақытымен 02:00-де өтеді.