«Ривер Плейт» Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысын сапына қосты

Бекарыс Әлімхан··
«Ривер Плейт» ФК

«Ривер Плейт» ФК

Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Тьяго Альмада Мадридтің «Атлетико» клубынан бір маусымнан кейін кетіп, «Ривер Плейт» ойыншысы атанды.

«Атлетико» Альмаданың «Ривер Плейтке» ауысуына қатысты келісімге келгенін ресми түрде растады. Жартылай қорғаушы жаңа клубымен 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін келісімшартқа отырды. Аргентиналық футболшы мадридтік команда сапында бір маусым өткізіп, барлық турнирде 40 матчқа қатысып, төрт гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Жазда жартылай қорғаушы Аргентина құрамасы сапында 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Альмада турнирде бес кездесуде алаңға шықты. Ал ұлттық құрама финалға дейін жетіп, шешуші ойында Испаниядан 0:1 есебімен жеңілді.

Альмада төрт жылдан астам уақыттан кейін Аргентина чемпионатына қайта оралды. Шетелге аттанғанға дейін ол «Велес Сарсфилд» сапында өнер көрсеткен. Кейін «Атланта Юнайтед», «Ботафого», «Лион» және «Атлетико» клубтарында ойнады.