«Рома» Аргентина құрамасының қорғаушысына қызығушылық танытты

«Атлетико Мадрид» ФК
«Рома» қорғаныстың оң қапталын күшейту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Италиялық клуб «Атлетико» командасымен Науэль Молинаның трансфері бойынша келіссөз жүргізуде.
Sky Italia мәліметінше, римдік клуб 28 жастағы қорғаушыны сатып алу мүмкіндігін мадридтік командамен талқылап жатыр. Трансфер құны шамамен 15 миллион еуроны құрауы мүмкін.
Айта кетейік, «Романың» бас бапкері Джан Пьеро Гасперини Молинаның трансферіне бұрыннан қызығушылық танытып келеді. Ол аргентиналық футболшыны «Аталанта» клубында жұмыс істеген кезінің өзінде командасына шақырғысы келген.
Сонымен қатар «Рома» «Фейеноорд» қорғаушысы Гивайро Ридті сатып алу бойынша келіссөздерді жалғастыруда. Клуб бұл ойыншы үшін 25 миллион еуро көлемінде екінші ұсынысын жіберген.
Өткен маусымда Молина «Атлетико» сапында барлық турнирде 41 матч өткізіп, үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді. 2026 жылғы әлем чемпионатында Аргентина құрамасы үшін жеті кездесуге қатысты.