«Рома» Гасперинидің шабуылын күшейту үшін еркін агентті қарастыруда

«Галатасарай» ФК
Италиялық «Рома» 33 жастағы Кот-д’Ивуар құрамасының вингері Уилфрид Захаға келісімшарт ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр.
La Gazzetta dello Sport мәліметінше, римдік клубтың спорт директоры Тони Д’Амико шабуылдың сол қанатын күшейту үшін еркін агенттер нарығын зерттеп жатыр. Заха кандидатурасы бас бапкер Джан Пьеро Гасперинидің талаптарына сай келеді.
Қазір ивуарлық футболшы «Галатасараймен» келісімшарты аяқталғаннан кейін еркін агент мәртебесінде жүр. Сонымен қатар римдік клуб «Монаконың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Крепен Диаттаны да балама нұсқа ретінде қарастыруда.
Соңғы бір жарым жылда Заха «Шарлотт» сапында жалға алу құқығымен өнер көрсетті. АҚШ-тағы кезеңінде вингер MLS-тің тұрақты чемпионаты мен плей-офф кезеңінде барлығы 46 матч өткізіп, 13 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ әр жылдары Заха «Кристал Пэлас», «Манчестер Юнайтед», «Кардифф», «Галатасарай» және «Лион» клубтарында ойнаған.
Серия А-ның екі турынан кейін «Рома» турнир кестесінде көш бастап тұр. Гасперини шәкірттері алты ұпай жинап, әзірге қақпасына бірде-бір гол жіберген жоқ.