«Рома» «Лионның» шабуылшысы үшін 40 млн еуро төлеуге дайын

«Лион» ФК
Италияның «Рома» клубы «Лион» және Бельгия құрамасының 21 жастағы қанат шабуылшысы Малик Фофананы қатарға қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
La Gazzetta dello Sport мәліметінше, бельгиялық футболшының кандидатурасын римдік клубтың бас бапкері Джан Пьеро Гасперини мақұлдаған. Ол жазғы трансферлік терезе жабылғанға дейін шабуылдың қанатын күшейткісі келеді. Ал «Лион» футболшымен қоштасу мәселесін 40 млн еуро көлеміндегі ұсыныс болған жағдайда қарастыруға дайын.
Фофана «Романың» негізгі нұсқаларының біріне «Порту» ойыншысы Родриго Мораға қатысты келіссөздерде қиындықтар туындағаннан кейін айналды. Дегенмен бельгиялық футболшы мансабын Чемпиондар лигасында өнер көрсететін клубта жалғастырғысы келеді. Оған басқа командалар да қызығушылық танытып отыр.
Еске салайық, Фофана өткен маусымның басым бөлігін оң жақ тобығынан алған жарақатына байланысты өткізіп алды. Ол жарақатты 2025 жылдың қазан айында «Страсбурға» қарсы матчта алған. Бұл зақым футболшыны бірнеше айға саптан шығарды, ал толыққанды жаттығуға тек жазда қайта оралды.
Франция чемпионатының 2025/26 маусымында бельгиялық футболшы 12 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Оның «Лионмен» келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.