Роналду 2026 жылғы ӘЧ-дегі Испаниямен болатын матчқа баға берді

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Испанияға қарсы өтетін матч туралы пікір білдірді.

Португалиялық шабуылшының айтуынша, оның командасы алдағы қарсыластың күшін жақсы түсінеді, алайда келесі кезеңге өту үшін күресуге толық дайын.

«Біз дайын боламыз. Испанияны жақсы білеміз, бұл турнирдің фавориттерінің бірі. Бізді өте тең ойын күтіп тұр, ал ары қарай көре жатармыз», — деп Роналдудың сөзін инсайдер Фабрицио Романо келтіреді.

Португалия — Испания матчы Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium стадионында өтеді. Кездесу 6 шілдеден 7 шілдеге қараған түні, Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.

Еске салайық, 1/16 финалда Португалия драмалық матчта Хорватияны 2:1 есебімен жеңсе, Испания құрамасы Австрияны сенімді түрде 3:0 есебімен ұтты.