Руслан Ахметов бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фото: kazboxing
Қазақстандық боксшы Руслан Ахметов Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Руслан Ахметов өзбекстандық Сардорбек Бахромхужаевпен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің екіге бөлінгенн шешімімен (3:2) жеңіс өзбекстандық боксшыға берілді.
Айта кетейік, Руслан Ахметов биылғы маусымда Венгрияда өткен World Boxing халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған болатын.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында жеті алтын, жеті күміс және үш қола медаль бар. 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты 16 шілдеде мәресіне жетеді.