Басты бет
·
Бокс

Тимур Тайбеков бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: kazboxing

Фото: kazboxing

Қазақстандық боксшы Тимур Тайбеков Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Тимур Тайбеков өзбекстандық Аброрбек Шәріповпен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша жеңіс 4:0 есебімен Шәріповке берілді.

Айта кетейік, Тимур Тайбеков 2025 жылы Бангкокта өткен 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында да күміс жүлдеге ие болған.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында жеті алтын, алты күміс және үш қола медаль бар. 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты 16 шілдеде мәресіне жетеді.

Тимур Тайбеков бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды – sport-hub