Рыбакина Путинцевамен өткен матчтың неге қиын болғанын түсіндірді

Фото: Getty Images
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиодағы WTA 500 турнирінің екінші айналымында отандасы Юлия Путинцевамен өткен матч туралы пікір білдірді.
Қазақстандық теннисшілер арасындағы кездесуде Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Матчтан кейін Елена қарсыласының ойын ерекшеліктерін атап өтіп, корттағы жағдайдың өзіне қолайлы болғанын айтты.
«Юлиямен өтетін матчтар әрдайым қиын. Ұзаққа созылатын доп алмасуларға дайын болдым. Ол допты қысқа тастап, ойын ырғағын жиі өзгертеді. Сондықтан матч бойы зейінімді жоғалтпай, агрессивті ойнағаныма қуаныштымын. Бүгін көптеген соққыларым сәтті шықты.
Жабық шатырдың да көмегі тиген шығар. Маған осындай жағдайда ойнаған ұнайды. Мұндай кезде доп сәл жылдамырақ ұшады. Жалпы, бұл жағдайлар маған өте қолайлы деп ойлаймын», – деді Рыбакина WTA ресми сайтына берген сұхбатында.
Жартылай финалға шығу үшін қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 23-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.
Айта кетейік, Путинцеваны жеңу арқылы Рыбакина 2026 жылғы маусымды WTA рейтингінің бірінші сатысында аяқтайтынын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Осылайша, қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды.