Сәтбаев «Челси» құрамына енді

Фото: chelseafc
«Челси» маусым алдындағы дайындық кезеңіне қатысатын құрамын жариялады. Ойыншылар қатарында Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев та бар.
Жас форвард үшін алдағы апталар ағылшын клубына бейімделудің алғашқы маңызды кезеңі болмақ. Лондондықтар Аустралия мен Азияда бірнеше жолдастық матч өткізеді. Бұл ойындарда бас бапкер Хаби Алонсо жетекшілік ететін жаттықтырушылар штабы жаңа маусым қарсаңында футболшылардың дайындығын бағалайды.
Команданың алғашқы аялдамасы Сидней қаласы. «Аккор» стадионында «Челси» 28 шілдеде «Вестерн Сидней Уондерерс» клубымен кездеседі. Ал 1 тамызда «Тоттенхэммен» ойнайды. Одан кейін лондондық клуб «Милан», «Ювентус» және «Джохор Дарул Тазим» командаларына қарсы матчтар өткізеді.
Тамыз айында кәмелет жасына толған соң Сәтбаев ресми түрде «Челси» сапына қосылады. Маусым алдындағы дайындық оның жаңа маусымды негізгі құрамда бастай ма, әлде клуб жүйесінде бейімделуді жалғастыра ма соны анықтауға мүмкіндік береді.