Сенегал – Ирак матчының тікелей трансляциясы

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Сенегал құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының үшінші туры аясында Ирак құрамасына қарсы матч өткізеді.

Кездесу I топтың үшінші туры шеңберінде 27 маусым күні BMO Field стадионында өтеді. Басталу уақыты Қазақстан уақытымен 00:00.

Қазақстандық жанкүйерлер матчты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ ойынның ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасынан live режимде бақылауға болады.

Екі турдан кейін I топта Норвегия мен Франция құрамалары 6 ұпайдан жинап, көш бастап тұр. Ал Сенегал мен Ирак әзірге ұпай еншілеген жоқ. Бұған дейін сенегалдықтар Норвегиядан 2:3 есебімен жеңілсе, ирактықтар Франциядан 0:3 есебімен ұтылған.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады. Турнир тарихында алғаш рет 48 құрама қатысуда.