Шамиль Ожаев Азия ойындарында жүлдесіз қалды

Фото: Арлан Олжабай
Шамиль Ожаев 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль сала алмады.
87 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен кездесуде қазақстандық балуан жеңіліп қалды. Оның Өзбекстан өкілі Жалғасбай Бердімұратовтан 1:9 есебімен ұтылды.
Осылайша, қазақстандық спортшы тұғырдан тыс қалды.
Бұған дейін грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мейіржан Шермаханбет қола жүлдеге ие болды. Ал дзюдодан Елдос Сметов пен Абужақынова күміс медаль жеңіп алды.