Шелтон Циципасты ойсырата жеңіп, US Open-2026 турнирінің ширек финалына шықты

Фото: x_@usopen
Америкалық теннисші Бен Шелтон Стефанос Циципасты жеңіп, US Open-2026 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Кездесу 6:2, 6:3, 6:4 есебімен аяқталып, 1 сағат 53 минутқа созылды. Әлемнің тоғызыншы ракеткасы 12 эйс жасап, бір рет қосарланған қателікке жол берді және брейк-пойнттардың алтауын алып, төртеуін пайдаланды. Ал Циципас екі эйс жасап, үш рет қосарланған қателік жіберді және бірде-бір брейк-пойнтқа ие болмады.
Грекиялық теннисші мансабында алғаш рет US Open турнирінің төртінші айналымына дейін жеткенімен, бұл жетістігін одан әрі жалғастыра алмады.
Айта кетейік, Шелтон олардың өзара өткізген жалғыз кездесуіндегі жеңілісі үшін реванш алды. 2023 жылы Циципас Цинциннатидегі турнирде америкалық теннисшіні жеңген еді. Осылайша, енді олардың өзара кездесулеріндегі есеп теңесті.
Ширек финалда Шелтон әлемнің үшінші ракеткасы Карлос Алькараспен кездеседі. Испаниялық теннисші бұған дейінгі үш кездесудің барлығында жеңіске жеткен.