Швейцария – Канада матчының тікелей трансляциясы

Бегасыл Амирбай ··
Фото: BIH

Фото: BIH

Швейцария 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі кезекті матчында Канадамен кездеседі.

В тобының үшінші турындағы ойын 25 маусым күні Ванкувер қаласындағы BC Place стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сондай-ақ ойынның ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz телеграм арнасынан тікелей мәтіндік режимде бақылауға мүмкіндік бар.

Екі турдан кейін Швейцария мен Канада В тобында төрт ұпайдан жинап отыр. Ал Босния және Герцеговина мен Катар құрамаларының еншісінде бір ұпайдан бар.

Айта кетейік, бұған дейін швейцариялықтар Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңсе, канадалықтар Катарды 6:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады. Турнир тарихында алғаш рет әлем біріншілігіне 48 құрама қатысып отыр.