Сомалилік төреші ПСЖ мен «Астон Вилла» матчын басқарады

Фото: x_@RefOmarArtan
ПСЖ мен «Астон Вилла» арасындағы 2026 жылғы УЕФА Суперкубогы матчын сомалилік төреші Омар Абдулкадир Артан басқарады.
Матч 13 тамызға қараған түні Австрияның Зальцбург қаласындағы «Ред Булл Аренада» өтеді. Кездесу Астана уақытымен 00:00-де басталады.
ПСЖ Суперкубокқа Чемпиондар лигасын жеңгеннен кейін жолдама алды. Париждіктер финалда «Арсеналды» негізгі уақытта 1:1, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңді.
Ал «Астон Вилла» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды. Финалда Унаи Эмеридің командасы «Фрайбургті» 3:0 есебімен ұтты.
Омар Абдулкадир Артан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне төрешілер тізіміне енген алғашқы сомалилік арбитр. 2025 жылы ол Африканың үздік төрешісі деп танылды.
Алайда Артан 2026 жылғы әлем чемпионатында төрешілік ете алмады. Бұған дейін АҚШ билігі оған 11 сағатқа созылған иммиграциялық сұхбаттан кейін елге кіруге рұқсат бермеген.