Басты бет
·
Футбол

«Спартак» Максим Самородовтың трансфері неге жүзеге аспағанын түсіндірді

Бекарыс Әлімхан··
«Ахмат» ФК

«Ахмат» ФК

Мәскеулік «Спартак» клубының бас директоры Сергей Некрасов жазғы трансферлік науқан туралы пікір білдірді. Сол кезде қызыл-ақтар «Ахмат» пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовты қатарына қосуға тырысқан еді.

«Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында Некрасов жүзеге аспаған трансфердің нақты себептерін ашып айтпады.

«Франның өз ісін жетік білетін маман екеніне еш күмәніміз жоқ. Трансферлік кезеңдегі жетістік те, сәтсіздік те бір спорттық директордың жеке жеңісі немесе жеңілісі емес, бұл ортақ жұмысымыздың нәтижесі. Кейбір трансферлердің жүзеге аспауына объективті себептер болды. Сондықтан Кахигаоның басшылығымен жұмыс істеп жатқан спорттық бөлімнің қызметіне көңіліміз толады», — деді Некрасов.

Айта кетейік, Максим Самородов 2024 жылдың тамызынан бері «Ахмат» сапында өнер көрсетіп келеді. 24 жастағы қазақстандық футболшы осы уақыт аралығында барлық турнирде 76 матч өткізіп, 14 гол соғып, 16 нәтижелі пас берген. Оның клубпен келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.

«Спартак» Максим Самородовтың трансфері неге жүзеге аспағанын түсіндірді – sport-hub