Тьяго Алькантара «Ливерпульдің» бапкерлер штабына қосылуы мүмкін

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Ливерпуль» ФК

Фото: «Ливерпуль» ФК

Испания құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Тьяго Алькантара «Ливерпульге» қайта оралып, клубтың бапкерлер штабында жұмыс істеуі мүмкін. Бұл туралы Mundo Deportivo хабарлады.

34 жастағы испандық маман мерсисайдтық клубтың бапкерлер құрамына қосылуға жақын. Бұл сыбыс команданы Андони Ираола басқарса шындыққа мүмкін. Бұған дейін дәл Ираола «Ливерпульдің» бас бапкері қызметіне негізгі үміткер екені хабарланған еді.

Өткен маусымда Алькантара Ханс-Дитер Фликтің жетекшілігімен «Барселонаның» бапкерлер штабында жұмыс істеді. Ойыншы мансабында Тьяго «Барселона», «Бавария» және «Ливерпуль» клубтарының намысын қорғады. Испаниялық футболшы кәсіби мансабын 2024 жылы аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін ағылшын клубы маусым аяқталғаннан кейін нидерландтық бапкер Арне Слотпен қош айтысты.

Тьяго Алькантара «Ливерпульдің» бапкерлер штабына қосылуы мүмкін – sport-hub