Темірлан Әбдірайымов бессайыстан әлем кубогының жартылай финалына шықты
Бөлісу

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстандық спортшы Темірлан Әбдірайымов Будапештте өтіп жатқан заманауи бессайыстан әлем кубогы кезеңінің іріктеу сынын сәтті еңсерді.
А тобының құрамында сынға түскен Әбдірайымов 1563 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады. Осы нәтиже оған жарыстың жартылай финалына жолдама алуға мүмкіндік берді.
Аталған топта тағы бір қазақстандық Лев Чувашов та өнер көрсетті. Ол 1517 ұпаймен 18-орын алып, келесі кезеңге өте алмады.
Ал D тобында Константин Сычев 27-нәтиже көрсетсе, Кирилл Стадник 33-орынға жайғасты. Екі спортшы да жарысты іріктеу кезеңінде аяқтады.
Айта кетейік, қазіргі бессайыстан әлем кубогының кезекті кезеңі Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатыр. Турнирге әлемнің үздік спортшылары қатысуда.