Темірлан Түрдақын U23 әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі

Фото: UWW
Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Темірлан Түрдақын АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты.
87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында 20 жастағы отандасымыз ресейлік Александр Крикуханы 2:1 есебімен жеңді.
Бұған дейін Темірлан 1/8 финалда венесуэлалық Брайан Руис Мариннен басым түссе, ширек финалда түркиялық Альперен Берберді жеңген еді. Алтын медаль үшін өтетін белдесуде қазақстандық балуан ирандық Ясин Әли Яздимен кездеседі.
Айта кетейік, 2025 жылы Түрдақын Бішкекте өткен U20 санатындағы Азия чемпионатында топ жарып, Болгарияның Самоков қаласында ұйымдастырылған жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған.
Еске салайық, бұған дейін U23 әлем чемпионатында Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) пен Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) Қазақстан қоржынына алтын медаль салған болатын. Осылайша, Темірлан Түрдақын ұлттық құрамаға кемінде үшінші медальді қамтамасыз етті.