«Тоттенхэм» қорғаныс көшбасшыларының бірімен келісімшартын ұзартты

«Тоттенхэм» ФК
Лондондық «Тоттенхэм» Нидерланд құрамасының қорғаушысы Микки ван де Венмен келісімшартын ұзартқанын жариялады. Тараптар жаңа келісімге қол қойды.
Ван де Вен «Тоттенхэм» сапында 2023 жылдың тамыз айынан бері өнер көрсетіп келеді. Ол немістің «Вольфсбург» клубынан ауысқан болатын. Осы уақыт аралығында нидерландтық футболшы лондондық команданың негізгі құрамындағы орнын бекітіп, қорғаныстың негізгі ойыншыларының біріне айналды.
«Жаңа келісімшартқа қол қою – ерекше сәт, мен мұны мақтан тұтамын. «Тоттенхэмді» осында келген алғашқы күннен бастап жақсы көріп кеттім. Мен клубты, жанкүйерлерді жақсы көремін және осында айтарлықтай өскенімді сезінемін. Клубтың қай бағытта дамығысы келетіні түсінікті, мен соның бір бөлігі болғым келеді. Алда не болатынын асыға күтемін», – деді ван де Вен.
Өткен маусымда нидерландтық қорғаушы барлық турнирде 45 матч өткізіп, жеті гол соқты және бір нәтижелі пас берді. «Тоттенхэмге» ауысқалы бері ол клуб сапында жалпы 96 ойын өткізіп, 10 гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.