Уимблдон чемпионы Костюкті жеңіп, енді Соболенкоға қарсы ойнайды

Фото: Jimmie48
Уимблдон-2026 чемпионы Линда Носкова Марта Костюкті (WTA — 11) жеңіп, алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты.
Матч 2 сағат 27 минутқа созылып, 7:5, 5:7, 6:4 есебімен аяқталды. Носкова алты рет қос қателік жіберіп, брейк-пойнтқа берілген тоғыз мүмкіндіктің алтауын пайдаланды. Ал Костюк тоғыз эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және қарсыласының сервисін бұзуға берілген жеті мүмкіндіктің бесеуін жүзеге асырды.
Украиналық теннисші матч-пойнттың бесеуін қайтарды. Алайда алтыншы мүмкіндікте Носкова кездесуді өз пайдасына аяқтады.
Чехиялық теннисші осы маусымда Костюкті «Үлкен дулыға» турнирінде екінші рет жеңіп отыр. Бұған дейін әлемнің алтыншы ракеткасы оны Уимблдон-2026 турнирінің жартылай финалында жеңіп, кейін осы санаттағы алғашқы чемпиондық атағын иеленген еді.
Ширек финалда Носкова әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Беларусь өкілі бұған дейінгі екі кездесудің екеуінде де жеңіске жеткен. Олар 2023 жылы Аделаида турнирінің финалында және 2026 жылғы Индиан-Уэллс жарысының жартылай финалында кездескен.