Үндістанда Лионель Мессидің мүсіні алып тасталынды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Үндістанның Калькутта қаласында Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиге арналған мүсін бөлшектелді. Ескерткіш 2025 жылдың соңында орнатылған еді.

Бұған дейін жергілікті билік тұрғындардың қатты жел кезінде мүсіннің беріктігіне қатысты шағымдарынан кейін оны басқа жерге көшіру туралы шешім қабылдаған. Мүсін арнайы платформа арқылы тасымалданып, жаңа орынға қайта орнатылады.

Ескерткіште Месси 2022 жылғы әлем чемпионатының кубогын басынан жоғары көтеріп тұрған сәті бейнеленген. Монумент 2025 жылдың желтоқсан айында аргентиналық футболшының Үндістанға сапары кезінде ашылған еді. Мүсінді жасауға 45 адам қатысып, құрылыс жұмыстары 27 күнге созылған.

Алдағы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина құрамасы Алжир, Аустрия және Иордания құрамаларымен кездеседі. Турнир 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Үндістанда Лионель Мессидің мүсіні алып тасталынды – sport-hub