US Open-2026: Путинцева – Бенчич матчының тікелей трансляциясы

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US Open-2026 турниріндегі алғашқы матчын өткізеді. Оның қарсыласы швейцариялық Белинда Бенчич.

Бірінші айналымдағы кездесу 1 қыркүйекте өтеді. Матчтың басталуы Қазақстан уақытымен 20:00-ге жоспарланған.

Кездесудің тікелей трансляциясы Winline платформасында қолжетімді болады. Оны көру үшін сайтта тіркелу қажет. Сондай-ақ матчтың ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасындағы тікелей эфирден бақылауға болады.

Путинцева WTA әлемдік рейтингінде 84-орында, ал 29 жастағы Бенчич 12-сатыда тұр.

Теннисшілер бұған дейін өзара алты рет кездесіп, үш реттен жеңіске жеткен. Соңғы кездесу 2022 жылдың желтоқсанында Австралияда өткен United Cup турнирінде болды. Сол жолы Бенчич 7:6 (7:0), 6:3 есебімен жеңіске жеткен.

Матч жеңімпазы екінші айналымда қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі. Ол алғашқы айналымда Кристина Лютованы 4:6, 6:3, 6:1 есебімен жеңді.