Валерий Рахимжан Азия ойындарының финалына шықты

ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасының өкілі Валерий Рахимжан Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында оқ ату спортынан финалға шықты.
Рахимжан ерлер арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату бойынша біліктілік кезеңіне қатысты. Қазақстандық спортшы төртінші нәтиже көрсетіп, шешуші кезеңге жолдама алды.
Қазақстанның тағы екі өкілі біліктілік кезеңінен аса алмады. Кирилл Федькин 33-орынға, ал Эльдар Иманқұлов 57-орынға тұрақтады. Үш спортшының нәтижесі командалық есепке де енгізіліп, Қазақстан құрамасы оныншы орын алды.
Рахимжан Азия ойындарына 2026 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері ретінде келді. Ақпан айында Нью-Делиде өткен додада ол 10 метрден пневматикалық тапаншамен ату бойынша жекелей сында екінші орын алған. Сол жарыста Рахимжан, Федькин және Иманқұлов аталған бағдарламадағы командалық есепте қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.