Видео. Швециямен тең ойын Жапонияны плей-офф кезеңіне шығарды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Жапония мен Швеция құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің үшінші турында 1:1 есебімен тең түсті.

Кездесу Арлингтон қаласындағы «Эй-ти-энд-ти Стэдиум» стадионында өтті. Бірінші таймда гол соғылған жоқ.

Есеп 56-минутта ашылып, жапониялық шабуылшы Дайзен Маэда төменгі бұрышқа дәл соққы жасап, командасын алға шығарды. Алайда алты минуттан кейін Энтони Эланга Дьёкерештің пасынан кейін есепті теңестіріп, матчтың қорытынды нәтижесін белгіледі.

Топтық кезеңнің үш турының қорытындысы бойынша Нидерланды (7 ұпай) мен Жапония (5 ұпай) плей-офф кезеңіне өтті. Швеция құрамасы 4 ұпаймен үшінші орын алды, ал Тунис бірде-бір ұпай жинай алмай, турнирдегі өнерін аяқтады.

Еске салайық, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.

Ойынға шолуды осы сілтеме арқылы көре аласыз.

Видео. Швециямен тең ойын Жапонияны плей-офф кезеңіне шығарды – sport-hub