Владислав Саможонов бокстан жастар арасындағы Азия чемпионы атанды

Фото: kazboxing
Қазақстандық боксшы Владислав Саможонов Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында Владислав Саможонов Өзбекстан өкілі Ислам Салиховпен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Владислав Саможонов бұған дейін Бангкокта өткен алғашқы World Boxing Futures Cup U19 турнирінің күміс жүлдегері атанған болатын.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында сегіз алтын, жеті күміс және үш қола медаль бар. 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты 16 шілдеде мәресіне жетеді.