«Вулверхэмптон» шабуылшысы А сериясына өтпей қалған трансферге байланысты жаттығуды тоқтатты

Бегасыл Амирбай ··
«Вулверхэмптон» ФК

«Вулверхэмптон» ФК

«Вулверхэмптон» шабуылшысы Толу Арокодаре клубтың оны италиялық «Фиорентинаға» жіберуден бас тартуына байланысты команданың жаттығуын тоқтатты.

BBC мәліметінше, 25 жастағы форвард жаттығу барысында алаңға отырып алып, клуб басшылығынан өзін «Фиорентинаға» трансферге шығаруды талап еткен. Осы жағдайдан кейін «Вулверхэмптонның» бас бапкері Сезар Пейшоту жаттығуды мерзімінен бұрын аяқтауға шешім қабылдады.

Кейінірек Арокодаре мәлімдеме жасап, ағылшын клубы алдындағы міндеттерін орындауды жалғастыратынын айтты.

«Карьерам бойы мен әрдайым кәсіби деңгейде әрекет етіп, жаттығу процесінде ең жоғары стандарттарды сақтағанымды мақтан тұтамын. Менің басты мақсатым әрдайым ойындарға барынша дайын болып, мүмкіндік берілген сайын командама және клубыма пайда келтіру болды.

Мен келісімшарт бойынша әлі де «Вулверхэмптонның» ойыншысымын және менің жалғыз ниетім өз міндеттерімді кәсіби түрде орындау, яғни жаттығып, келісімшарт талаптарына сәйкес командаға көмектесу», — деп жазды футболшы.

Арокодаре «Вулверхэмптон» сапына 2025 жылдың қыркүйегінде қосылған. Содан бері ол барлық турнирде 38 матч өткізіп, 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.