Ямаль әлем чемпионы атанған ең жас футболшылардың қатарына енді
Бөлісу

Фото: RFEF
Испания құрамасының 19 жастағы вингері Ламин Ямаль футболдан әлем чемпионатын жеңіп алған ең жас ойыншылардың алғашқы бестігіне енді.
Испания 2026 жылғы әлем чемпионатында топ жарғаннан кейін Ямаль бұл рейтингте өз орнын иеленді. Чемпион атанған сәтте испаниялық футболшы 19 жас 8 күнде болған. Бұл көрсеткіш бойынша ол тек әлем футболының аңыздары Пеле, Роналдо және Джузеппе Бергомиден ғана кейін тұр.
2026 жылғы әлем чемпионатында Ямаль Испания құрамасының барлық сегіз матчына қатысып, топтық кезеңде Сауд Арабиясына қарсы кездесуде бір голдың авторы атанды.