Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Зарина Райфова Пара Азия ойындарының чемпионы атанды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: parateam.kz

Фото: parateam.kz

Қазақстандық дзюдошы Зарина Райфова Пара Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол J2 санатында 70 келіден жоғары салмақта топ жарды.

Қазақстандық спортшы айналмалы жүйе бойынша төрт белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Райфова жарыс барысында Қытай өкілі Ван Пин мен Үндістан спортшысы Димплден басым түсті. Екі белдесуде де қарсыластарын иппон әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетейік, Зарина Райфова бұған дейін Ханчжоуда өткен Пара Азия ойындарында осы салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленген. Ал 2024 жылы Парижде өткен Паралимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды.

Еске салайық, Пара Азия ойындары-2026 Жапонияда 18-24 қазан аралығында өтеді. Жарыстар Айти префектурасы мен Нагоя қаласында ұйымдастырылып жатыр.

Зарина Райфова Пара Азия ойындарының чемпионы атанды – sport-hub