Жорже Жезуш Португалия құрамасының жаңа бас бапкері атануы мүмкін

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AFC

Фото: AFC

Португалия футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Жорже Жезушті тағайындауды жоспарлап отыр.

A Bola басылымының мәліметінше, 71 жастағы маман команданы 2028 жылғы Еуропа чемпионаты мен 2030 жылғы әлем чемпионатына дайындық кезеңінде жаттықтырады. Жезуш Португалия құрамасы әлем чемпионатынан оралғаннан кейін келісімшартқа қол қояды.

Жорже Жезуштің соңғы жұмыс орны Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы болды. Ол биыл жазда қызметінен кетті. Оның жетекшілігімен Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду өнер көрсеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Роберто Мартинес Испаниядан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен кеткенін мәлімдеген болатын.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.