Соболенко Рыбакинамен финал алдында: «Жеңіс үшін бар күшімді салуға дайынмын»

Фото: Jimmie48
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко US Open-2026 турнирінің финалында қазақстандық Елена Рыбакинамен кездеседі.
Жартылай финалда беларусь теннисшісі америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Матчтан кейін Соболенко өзіне қысым болғанын мойындады.
«Джессикаға қарсы матчта қатты қобалжыдым. Себебі жазда Берлинде ол мені ауыр жеңіліске ұшыратқан еді. Бұған қоса, маусымның ортасында нәтижелерім де көңіл көншітпеді. Мен үшін «Үлкен дулыға» турнирлері соңғы серпіліс секілді. Финалға шыққым келді, енді, әрине, жолды соңына дейін жеткізгім келеді. Мен дайынмын. Жеңіске жету үшін не қажет болса, соның бәрін жасауға дайынмын», — деп Соболенконың сөзін WTA баспасөз қызметі келтірді.
Соболенко мен Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирлерінде үшінші рет финалда кездеседі. Беларуссиялық теннисші Australian Open-2023 турнирінде жеңіске жетсе, қазақстандық спортшы Australian Open-2026 жарысында реванш алды. Жалпы, қарсыластар 17 рет кездескен: Соболенко 10:7 есебімен алда. Алайда Рыбакина алты финалдың төртеуінде жеңіске жеткен.
Еске салайық, финал нәтижесіне қарамастан, Елена Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады.